Қазақстанда 5G интернет желісі қашан қосылады? Министрдің жауабы

28 қазан, 13:39

Бұл туралы ​Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев​ Парламент Мәжілісінің Үкімет сағатында айтты.

«Қазақстанда жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Президенттің тапсырмасына сәйкес, министрлік Қазақстанда 5G желісін енгізу бойынша жұмыстар атқаруда. Осы орайда, Жол картасы бекітілді. Қазіргі кезде 5G жаңа мобильді байланыс технологиясын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. 5G мобильді байланысының алғашқы сынағы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында өткізілді. Сынақтар жақсы нәтиже көрсетті», - деді министр Асқар Жұмағалиев.

Министрдің сөзінше технологияны енгізу республикалық маңызы бар қалаларда бірінші болып жүзеге асырудың өзіндік себебі бар. Өйткені 5G технологиясын енгізу үшін тартылатын инвестициялар көлемі қомақты. Айта кетерлігі, дәл қазіргі таңда Нұр-Сұлтан қаласындағы «Astana Hub» аумағында 5G желісін коммерциялық негізде іске қосу жұмыстары аяқталуға жақын.