Бұл туралы Қазақстанның бас санитары Айжан Есмағамбетованың 27 наурыздағы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген қаулысында айтылған.
"65 жастан үлкен азаматтарға азық-түлік пен дәрі-дәрмекті жеткізуді қамтамасыз ете отырып, олардың қозғалысын шектеу және 6 сәуірден бастап барлық орта білім беру ұйымдары қашықтықтан оқытуға ауыстырылсын" делінген қаулыда. Одан өзге әуежайлардың, теміржол және автовокзалдардың ғимаратына шығарып салушы және күтіп алушы адамдардың кіруін шектеу қойылмақ.