Қазақстанда тұңғыш рет шапалақтан турнир өтетін болды. Бұл доданы петропавлдықтар қолға алып отыр, деп хабарлайды sports.kz сайтына сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
Ұйымдастырушылар турнирді ҚР Президентін сайлау күні қарсаңында, яғни, 8 маусымда өткізбекші.
"Бұл доданы өткізу үшін арнайы ережелерді ойлап таптық. Ол үшін желілерде топтар құрдық. Жарыс ойдағыдай өтсе, оны дәстүрге айналдырмақпыз. Тек ләззат үшін емес, табыс әкелу жағын да қарастырамыз",-деді ұйымдастырушылардың бірі.
Талап бойынша жарысқа 18 жастан асқан азамат қана қатыса алады. Ал шапалақ алақанмен емес, саусақтармен жасалуы тиіс. Жекпе-жеке 5 раундтан тұрады. Айтпақшы, жарыс барысында қатысушылардың жағдайы ерекше назарға алынады. Ол үшін медицина қызметкерлері арнайы бақылауда тұрмақ.
Айта кетейік, шапалақ турнирі әлемнің көптеген елдерінде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ағымдағы жылдың мамырында Красноярск қаласында өткен жарыста қатысушылардың бірінің шапалақ соққысының күші қатты болғаны соншалық, қарсыласын нокаутқа жіберген болатын.