Қазақстанда ауа райына байланысты 8 автожол жабылды

10 ақпан, 09:50

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар автожолдар жабылды. Бұл туралы «Қазавтожолға» сілтеме жасап Elitar.kz хабарлайды.

Келеңсіздікті жою мақсатында республика бойынша 487 арнайы техника жұмыс жасауда.

Жол қозғалысына рұқсат етілмеген трассалар:

1. «Екатеринбург-Алматы» км. 1291-1426, Жібек Жолы-Теміртау;

2. «Алматы-Өскемен» км. 971-1068, Қалбатау–Қасым Қайсенов;

3. «Омбы-Майқапшағай» км. 756-906, Семей–Қалбатау;

4. «Өскемен-Семей» км. 10-198, Герасимовка – Семей;

5. «Семей-Қайнар» км. 8- 266, Семей - Қайнар;

6. «Өскемен-Шемонаиха-РФ» км. 15- 123, Глубокое-РФ;

7. «Өскемен-Риддер-РФ» км. 15-105, Белоусовка – Риддер.