Қазақстанда автонесиелеу бес есеге артады

20 маусым, 17:30

2019 жылы несиелеу көлемін 15 мың автокөлікке дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы 20 маусымда Үкімет төрағасы Асқар Мамин Парламент палаталарының бірлескен отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Elitar.kz.

Премьер-министр 2018 жылы Республикада 3,2 мың автомобиль сатып алу қаржыландырылғанын, 2019 жылы несиелендіру көлемін 15 мың автомобильге дейін жеткізу жоспарланып отырғанын еске салды.

Мамин атап өткендей, 2019 жылдың бес айының қорытындысы бойынша автомобиль өнеркәсібі саласындағы өндіріс 46% - ға өсті. 2021 жылы саланы оқшаулау деңгейі 50% құрайды деп жоспарлануда, деп толықтырды Үкімет басшысы.