2019 жылдың маусым айының соңында денсаулық сақтау жүйесінің барлық қызметкерлерінің жалақысына 30% үстеме қосылады, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Ағымдағы айда 400 мыңға жуық адамның еңбекақысы артады.
Оның ішінде дәрігерлер, провизорлар, психологтар, фельдшерлер, акушерлер, медбикелер, фармацевттер, әлеуметтік қызметкерлер және басқалар;
Қосалқы персонал - іс жүргізуші, операторлар, хатшылар және басқалар;
техникалық персонал - санитарлар, жүргізушілер, аула сыпырушы, күзетшілер және басқалар;
әкімшілік персонал - бухгалтерлер, бағдарламашылар, кадрлар жөніндегі инспекторлар және басқалар;
басқарушы персонал - басшылар мен олардың орынбасарлары, бас бухгалтерлер және басқалар.
Қызметкерлердің еңбекақысының мөлшері атқаратын лауазымына, біліктілік санаты мен жұмыс өтіліне байланысты болады.
Бұған дейін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясының XVIII съезі барысында бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын 30% - ға арттыруды тапсырған болатын.
Кейін
қазіргі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаевтың тапсырмасы бойынша аталмыш
тапсырманың уақыты 2019 жылдың 1 маусымына
ауыстырылды.