Қазақстанда көлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қайта тоқтатылды

17 сәуір, 19:34

Қазақстанда көлік тіркеу және жүргізуші куәлігін беру қайта тоқтатылды, деп хабарлайды Elitar.kz.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің хабарлауынша, еліміздің барлық өңірлерінде арнайы орталықтар жүргізуші куәлігін бермейді және автокөліктерді тіркемейді.

Бұл мемлекеттік қызметтерді көрсететін порталдағы техникалық ақаулармен байланысты.