ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Диас Ахметшәріп елордада өткен брифинг кезінде Қытайдан оралған тұрғындардың денсаулығы туралы айтты. Оның мәліметінше, 94 адам дене қызуы мен ЖРВИ шағымымен оқшауланған ауруханаға жатқызылған.
«6 қаңтардан кейін Қытайдан келген қазақстандық және шетелдік азаматтарға мониторинг жасау жалғасуда. Олардың 90% бақылауға алынды. Осы апта бойы біз дене қызуы бар барлық адамдар туралы емес, 6 қаңтардан бастап Қытайдан келгендер туралы айтып жатқанымызды еске саламыз. Қазір 33 адам ауруханада, 61 адам стационардан шығарылды. Күн сайын ауруханадан шыққандардың саны артуда. Барлық ауруханадан алынған сынамалар қосымша бақылау үшін Алматыдағы Ұлттық ғылыми ерекше жұқпалы аурулар орталығына жіберіледі», - деді ол.