​Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 145 адамға жетті

27 наурыз, 23:00

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 27 наурыз сағат 22.30-дағы мәліметі бойынша, тағы 8 қазақстандықтан қауіпті індет анықталды. Оның алтауы елордада, екеуі 2 Ақмола облысында тіркелді.

Қазіргі таңда елімізде аталған індетке шалдыққандар саны 145 адамға жетті.