Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 2 адам дертінен сауықты

25 наурыз, 17:18

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан екі адам аурудан шалдықты. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елордада өткен брифинг кезінде мәлімдеді.

«Дерттен сауыққан екі адам ертең, 26 наурызда ауруханадан шығарылады. Дегенмен олар әлі де бақылауда. Бұл біздің вируспен күрес езіндегі алғашқы және соңғы жеңіс емес деп айтуға барлық негіз бар»,-деді министр.

Айта кетейік, осылайша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны - 80 емес, 78 адам.