Ақпарат министрлігіне сілтеме жасаған nur.kz, бұл бастама әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VI съезінен кейін қабылданып, 2018 жылғы 11 қазандағы декларацияда көрсетілгенін хабарлады. Қазір ведомство жаңа ұйымның құрылтай құжаттарын дайындауда.
Орталық Елбасының конфессияаралық және өркениетаралық диалогты сақтау және қамтамасыз ету, сондай-ақ Съезд идеяларын, әсіресе съездаралық кезеңде көпшілікке тарату жөніндегі бастамаларын халықаралық деңгейде ілгерілетумен айналысатын болады.