Қазақстанда 20.00-де президенттік сайлауда дауыс беру аяқталды, - деп хабарлайды Elitar.kz.
20.00-де елдің 17 аймағының 12-сінде орналасқан сайлау учаскелері жабылды. Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы сайлау учаскелері уақыт айырмашылығына байланысты Нұр-Сұлтан уақытымен 21:00-де жабылмақ. 18.00 жағдайында сайлау бюллетеньдерін жалпы дауыс берушілердің 72,9 пайызы алды.
Ел президенттігіне қазіргі Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты «Nur Otan» партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынды.
Сәді-Бек Түгелді «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысы ұсынды.
Амангелді Сатыбалдыұлы Таспиховты «Қазақстан Республикасының кәсіподақтар Федерациясы» ұсынды.
Дания Мәдиқызы Еспаеваны «Ақ жол «Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынды.
Төлеутай Сатайұлы Рахымбековті «Ауыл» халықтық – демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынды.
Жамбыл Әужанұлы Ахметбековті «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» қоғамдық бірлестігі ұсынды.
Әміржан Сағидрахманұлы Қосановты «Ұлт тағдыры» ұлттық патриоттық қозғалысының қоғамдық бірлестігі ұсынды.
Дауыстарды
есептеу басталды. Бүгін түнде алдын
ала exit poll жария етіледі.