Қазақстанда әрбір секундта неше сәби туылып, қанша адам дүниеден озады?

04 қараша, 10:05

ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Статистика комитетінің ресми сайтында халық санының онлайн-есептегіші орнатылған. Онда дүниеге келген, көз жұмған және басқа да жағдайлар бойынша еліміздегі халық санының артқаны, не кеми түскені секунд сайын өзгеріп отырады. Мәселен, жыл басында Қазақстан халқының саны Қазақстан халқының саны 18 млн 392 мың 960 тұрғынды құраса,

4 қараша сағат 10.00-дегі жағдай бойынша мәліметтерге сәйкес, ел аумағындағы халық саны - 18 млн 587 43. Оның 9 579656-cы әйелдер, ерлер - 9007781.


Онлайн-есептегіште соңғы бір айда әрбір 85 секундта Қазақстанда бір нәресте тірі туылып, әрбір 241 секундта бір адам дүниеден озған.

Әрбір 1965 секундта 1 адам елге келген (иммигрант), әрбір 802 секундта 1 адам елден шыққан (эмигрант).

Жыл басынан бері бүгінгі күнге дейін Қазақстанда 327 мың 732 нәресте тірі туылып, 112 мың 755 адам көз жұмды. 11 мың 444 адам шетелден ел аумағына келген болса, эмигранттар – 32 мың 196 адамды құраған. Жалпы өсім 194 мың 225 адамды құрады.

Ал бір ғана 4 қараша күні Қазақстанда 437 сәби тірі туылды, 154 адам көз жұмды. 19 адам Қазақстанға шетелден келген болса, 46 адам ел аумағынан шыққан.