Қазақстанда студенттердің стипендиясы көбейеді

28 маусым, 18:43

Бұл туралы Асхат Аймағамбетов халық алдында есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Elitar.kz.

"Президенттің тапсырмасына сәйкес, жұмыс біліктілігі бойынша оқып жатқан студенттерге стипендия 30 пайызға артады. Шәкіртақы көлемі 21 787 теңгені құрайды", - деді министр.

Айта кетейік, 2019 жылы Қазақстандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі 29 698 теңге немесе 78 доллар деңгейінде белгіленген.

Ең төменгі жалақы мөлшері-42 500 теңге немесе 112 доллар.