Қазақстанда екі азаматтан коронавирус анықталды

13 наурыз, 15:05

Коронавирус жұқтырған екі қазақстандық Германиядан келген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді.

"Бүгін бізде Германиядан келген екі азаматымыздан коронавирус расталды. Олар Германиядан 9 және 12 наурызда келді. Қауіпті дертке шалдыққандар ер және әйел адам. Бірінші рейс 9 наурыз күні келген, онда 73 жолаушылар келді. Қазір дәрігерлер оларды карантинге жатқызуды бастады. Бұл науқастар емес, олар 14 күнге карантинге жіберіледі», - деді Денсаулық сақтау министрі бүгін елордада өткен брифингте.