Қазақстанда желтоқсан айында қосымша пойыздар жүретін болды

27 қараша, 09:49

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, жолаушылар сұранысының артуына байланысты осындай шешім қабылданған. Яғни, қосымша пойыздар желтоқсан айындағы мереке күндеріне қарай жүретін болады, деп хабарлайды Elitar.kz.

Қосымша пойыздар төмендегі бағыттар бойынша жүреді:

- Алматы-2 – Шымкент бағыты: 14, 28 желтоқсан күндері «Алматы-2» вокзалынан және 15, 29 желтоқсан күндері Шымкенттен шығатын 2 рейс;

- Астана-1 - Павлодар бағыты: - 14, 18, 28 желтоқсан күндері «Астана-1» вокзалынан және 15, 19, 31 желтоқсанда Павлодар қаласынан шығатын 3 рейс;

- Астана-1 - Алматы-1 бағыты: 30 желтоқсанда «Астана-1» вокзалынан және 31 желтоқсанында Алматы-1 вокзалынан шығатын 1 рейс.

Одан өзге 9 желтоқсаннан бастап «Қарағанды-Томск» аралығында №363/364 жаңа бағыты бойынша күнәра жүретін пойыз іске қосылады.

Мереке күндері жоғары сұранысқа ие бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдауға 700-ден астам қосымша тіркеме вагондарын енгізу жоспарланып отыр.

Олар: ҚР Тұңғыш Президенті күніне 200-ден астам вагон (2018 жылдың 30 қарашасынан 4 желтоқсанға дейін);

ҚР Тәуелсіздік күніне 250-ден астам қосымша вагон (2018 жылдың 15-19 желтоқсан күндері);

Жаңа жыл мерекесіне орай 250-ден астам қосымша вагон (2018 жылдың 28 желтоқсаны 2019 жылдың 3 қаңтар аралығында).

Жолаушылар толық ақпаратты теміржол вокзалдарының анықтама бөлімдерінен немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне хабарласып алуларына болады.

ФОТО: vlast.kz