Қазақстанда жемқорлық туралы хабарлағандарға 10 млн теңге сыйақы беріледі

31 қаңтар, 13:33

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевтың мәліметінше, елімізде парақорлар туралы хабарлаған адамдарға сыйақы ретінде берілетін ең жоғары сыйақы 10 млн теңгені құрайды. Бұл туралы ол агенттіктің өткен жылғы жұмысын қорытындылауға арналған алқа отырысында.

"Үкімет Президенттің тапсырмасын іске асыру мақсатында сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарламалар үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі туралы қаулыны бекітті. Енді ЭЫДҰ қатарындағы көптеген елдердегі секілді сараланған сыйақы болады», - деген ол сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам соттың айыптау үкімінен кейін пара сомасының 10 пайызын алатынын жеткізді.

"Ең жоғары сыйақы мөлшері 10 млн 600 мың теңгені құрайтын болады. Бұл жаңашылдықтар азаматтарды жемқорлықпен нақты күреске барынша тартуға елеулі серпін береді деп есептейміз», - деді Алик Шпекбаев.