Валюта:
    • ясно 41°C

    Қазақстандағы коронавирус. COVID-19 диагнозы расталғандар саны 2200-ден асты

    23 сәуір, 12:20

    23 сəуір сағат 12:20-дағы жағдай бойынша елімізде тағы 16 адамнан коронавирус анықталды. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтанда, Алматы қаласында, Қызылорда мен Түркістан облыстарында бір-бір адамнан, Шымкент қаласында - 2, Алматы облысында - 3 және Павлодар облысында 7 адамнан қауіпті індет тіркелді.

    Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 2207-ні құрап отыр. Олар:

    Алматы қ. – 736;

    Нұр-Сұлтан қ. – 422;

    Қызылорда облысы – 158;

    Шымкент қ. – 133;

    Қарағанды облысы – 102;

    БҚО – 86;

    Ақмола облысы – 83;

    Атырау облысы – 82;

    Жамбыл облысы – 79;

    Түркістан облысы – 77;

    Алматы облысы – 65;

    Павлодар облысы – 50;

    Қостанай облысы – 36;

    Ақтөбе облысы – 34;

    СҚО – 30;

    Маңғыстау облысы – 19;

    ШҚО – 15.