Қазақстандағы ең бай адамдардың бірі Қостанайда сотталмақ

12 қыркүйек, 10:30

«Иволга Холдинг» ЖШС-нің басшысы Василий Розинов істі болды. Ол Қостанай қаласында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «алаяқтық» бойынша айыпталып жатыр, деп хабарлайды Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

"6 қыркүйек күні №2 Қостанай қалалық сотына «Иволга-Холдинг» ЖШС-нің бас директоры Василий Розиновқа қатысты қылмыстық іс келіп түсті. Күдіктіге ҚР Қылмыстық кодексінің 177-бабы, 4-бөлімі "б" тармағымен ірі көлемдегі алаяқтық негізінде айып тағылып отыр" делінген ведомство хабарламасында.

Басты сот процесі 17 қыркүйекке белгіленген.

Егер ол кінәлі деп табылса, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.

Розинов Forbes тізімі бойынша Қазақстандағы ең бай 50 кәсіпкердің тізіміне енген.

ФОТО: zakon.kz