Бүгін қаза тапқан жұмысшылардың аты-жөндері, жасы туралы мәліметтер белгілі болды.
Апаттан новосібірлік 1996 жылы туған Григорий Герасимов, отандасымыз 1997 жылы туған Руслан Шкотский және Колываниден 1964 жылы туған Григорий Андреев көз жұмды. Бұл туралы ndn.info хабарлады.
Сәрсенбі күні, 28 тамызда, Ударная көшесіндегі сорғы стансасының қайта жаңартылып жатқан ғимаратының жартысына жуық қабырғасы құлап кетті. Салдарынан үш ер адам ауыр жарақат алып, артынша көз жұмды. Тағы біреуінің аяғы сынған, оны ауруханаға жатқызды. Қираған жерде "Алькор" ЖШҚ қосалқы мердігерлік ұйымының қызметкерлері, барлығы 13 құрылысшы болған.