14 жасар ақтаулық Ахмади Ержанов "Ювентус"-"Тоттенхэм" матчында өзінің кумирі Криштиану Роналдумен естелікті селфиді жасау үшін футбол алаңына жүгіріп шықты. Десе де әкесі екеуі бұл үшін полиция алдында жауап берді.
Ахмади Ержанов португал футболшысы Криштиану Роналдудың жанкүйері. Он төртінші туған күніне әкесі "Ювентус"-"Тоттенхэм" матчына билеттер алып оған сыйлық жасады.
Әкесінің айтуынша, кумирінен 20 метр қашықтықта тұрған ұлы толқығаны соншалық, бір де бір рет орнына отырмаған.
Ұлының алаңға жүгіріп шығуына әкесі кеңес берген. Әкесін тыңдап, бала футбол алаңын кесіп өтіп, Роналду отырған қосалқы орындыққа жетті. Селфи де жасай алды. Бірақ, Ахмадиді жергілікті полиция алып кетті. Әкесімен келіссөз жүргізгеннен кейін олар ұлын қайтарған.