Қазақстандық футболшы отбасымен бірге ауыр жол апатына түсті

14 қазан, 11:56

«Семей», «Ақжайық», «Шығыс» және «Атырау» футбол командаларының бұрынғы қақпашысы Илья Бәйтеряков отбасымен бірге Шығыс Қазақстан облысындағы тас жолында ауыл жол апатына ұшырады. Бұл туралы танымал футбол шолушысы Айдын Қожахмет Telegram-каналында мәлімдеді.

«Семейден сұмдық жаңалық келді. Илья тізгіндеген көлік Семей-Өскемен тас жолында аударылып қалды. 35 жастағы бұрынғы-ойыншының кіші ұлы мен әкесі тіл тартпай кеткен. Илья мен үлкен ұлының жағдайы ауыр. Илья комада жатыр», - деп жаздыфутбол шолушысы.

Сонымен қатар Бәйтеряковтың анасы мен жұбайыны да апат кезінде көлікте болған. Олардың жағдайы бірқалыпты.

Айта кетейік, Илья Бәйтеряков өз карьерасында Қазақстанның жоғары лигасында 45 ойын көрсеткен. Ал бірінші лигада шамамен 150 матчқа қатысқан.