Қазақстандық миллионер Мәскеуде 18 млн тұратын сағатынан айырылып қалды

17 сәуір, 15:35

Ресей астанасы Мәскеуде Forbes тізіміне кірген қазақстандық миллионер Марат Әбиевтің 18 млн теңгеге жуық ақша тұратын сағаты ұрланды, деп хабарлайды Elitar.kz.

Mash телеграм-арнасының жазуынша Марат Әбиев күні кеше ғана Мәскеудегі «Украина» қонақүйінде іскерлік кездесуде болған. Кенет кәсіпкер уақытты білмек болғанда Breguet маркалы сағаты білегінде жоқ болып шыққан.

Әбиевтің айтуынша оның сағаты 17 790 000 теңге тұрады.

Мәскеу полициясы арыз бойынша сағатты іздеу жұмыстарын бастап кетті.

Әбиев Марат Жақсылықұлы есімі Forbes Kazakhstan журналына ең жас миллионер ретінде енген қазақстандық..