Отандық судьялар осылайша #Бізбіргеміз акциясын қолдады, деп хабарлайды Elitar.kz.
Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов Facebook парақшасында жазды."Қазақстан сот жүйесінің өкілдері #Бізбіргеміз акциясын қолдады. Судьялар мен сот қызметкерлері #Бізбіргеміз акциясын қолдай отырып, барша қазақстандықтарды төтенше жағдай кезінде үйде болып, соттасудан бас тартуға үндейді. Сот қызметкерлерінің қолында жазбаларда «Соттасатын уақыт емес», «Сіздің денсаулығыңыз үшін біз қашықтықтан жұмыс істейміз», - делінген" деп жазды ол.