Қызметтік тергеуден кейін Азаматтық авиация комитетін басқарған Тоты Амированың рейсті заңсыз тоқтатқаны анықталды, деп хабарлайды ААК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
Министрдің блогына Амированың заңсыз іс-әрекеттері туралы шағым келіп түскен. Бұл қызметтік тексеру жүргізуге түрткі болған.
"Министрлікте жұмыс істеген кезеңде комитет атына тікелей бағынышты, сондай – ақ азаматтық авиация саласындағы субъектілер мен ұйымдар тарапынан Тоты Амированың заңсыз әрекеттері мен әдепсіз пікірлеріне бірнеше рет шағымдар келіп түсті", - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, ААК
тәртіптік комиссиясының тексеру
нәтижелері бойынша шешім дайындау және
қабылдау кезінде Амирова
жеке тұлғаға заңсыз артықшылық
көрсеткен. Яғни,
тәртіптік тергеу мәліметтері
бойынша, Тоты Амирова бір
адамның өтініші бойынша авиарейсті
тоқтату туралы шешім
қабылдаған.
"Осыған
байланысты Азаматтық авиация комитетінің
тәртіптік комиссиясының ұсынысы
негізінде "ҚР мемлекеттік қызметі
туралы" ҚР заңының 44-бабының
6-тармағына сәйкес Тоты
Амированы атқаратын
қызметінен босату түріндегі тәртіптік
жаза қолданылды", - делінген ведомство хабарламасында.