Қазақстандықтар рақымшылық аясында 10 млрд-қа жуық салық берешегін өтеді

12 қараша, 12:00

ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында салықтық рақымшылық мәселесі бойынша Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев, МКК цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті директорының міндетін атқарушы Заңғар Шыңдали және МКК кәсіпкерліктің жеке түрлеріне салық салу басқармасының басшысы Гүлмира Смағұлованың қатысуымен баспасөз коференциясы өтті.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Бірінші Президентімен салық төлеушілермен негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдарды шегеру жолымен шағын және орта бизнес субъектілеріне салықтық рақымшылық жүргізу туралы тапсырма берілді.
Негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда, салық төлеушілерге 2018 жылғы 1 қазанға есептелген өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасы және де негізгі қарызды төлеген күнге дейін есептелген өсімпұл сомасы есептен шығарылады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетіндегілер хабарлады.
"Салық төлеуші негізгі қарыз сомасын ағымдағы жылдың соңына дейін төлеуге құқылы екеніне назар аударамыз.
Рақымшылыққа жер қойнауын пайдаланушылар, акцизді тауарларды өндірушілер және де мониторингке жататын, ірі салық төлеушілер сияқты түсім нормасы жоғары экономика салаларында қызмет жүргізетін салық төлеушілердің жеке категориялары жатпайтынын атап өткіміз келеді.
Қосымша қабылданған өзгертулерге сәйкес салықтық рақымшылыққа 2018 жылғы 1 қазан жағдайына берешегі болған салық төлеушілер, сондай-ақ аталған күнге тексеріс нәтижелеріне шағым тапсырған салық төлеушілер жатады. Сонымен қатар, салықтық рақымшылық 2018 жылғы 1 қазанға дейінгі мерзіммен қосымша салық есептіліктері тапсырылған салық төлеушілерге таратылады" делінген ведомство хабарламасында.
Бүгінгі күні 41 820 бизнес субъектілері 12,5 млрд теңге берешегін төлеп, салықтық рақымшылықты пайдаланды. Олар бойынша 4,0 млрд теңге өсімпұл мен 291,2 млн теңге айыппұл есептен шығарылды.
Мемлекеттік қолдаудың және салық төлеушілердің берешектерін нөлдеу нәтижесінде салық төлеушілердің банктік шоттары ашылып, мүлікке қойылған шектеулер шешілді. Бұл салық төлеушілерге кәсіпкерлік қызметін ары қарай жалғастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың тамыз айынан жеке тұлғаларға арналған салықтық рақымшылық басталды.
Салықтық рақымшылық шеңберінде біздің азаматтар өткен жылдар үшін салықтық міндеттемелері бойынша негізгі қарыз сомасын төлеген жағдайда оларға өсімпұлдар шегерілетін болады.
Әр түрлі себептер бойынша жеке тұлғаларда елеулі қарыз сомалары бар. Мысалы, жылжымайтын мүлікті сатуға байланысты есептелген көлік салығы немесе жеке табыс салығы. Салық кодексіне сәйкес мерзімін өткізіп алынған күн үшін есептелетін өсімпұлдың мөлшері азаматтарымыздың жағдайын қиындатады.
Осыған орай, өткен салықтық кезеңдер үшін жиналған қарыздары бар жеке тұлғалар ағымдағы жылдың соңына дейін негізгі қарызды өтеп, салықтық рақымшылықты пайдалана алады.
Бұл ретте есептелген өсімпұлдар мемлекеттік кірістер органдарымен автоматты түрде есептен шығарылады.
Қазіргі уақытта 9,5 млрд теңге бересін төлеген 400 мыңнан астам азаматтарға 1,9 млрд теңге өсімпұл есептен шегертілді.
"Салықтық рақымшылық ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасатынына және осыған байланысты мемлекет алдында негізгі қарызды төлеу үшін жағдайларды іздестіру үшін мүмкіндігі барына салық төлеушілердің назарын аударғымыз келеді. Осылайша, Мемлекет басшысымен жарияланған салықтық рақымшылық белгілі бір экономикалық әсер береді және кәсіпкерліктің дамуына үлес қосады, сондай-ақ қазақстандықтардың әл-ауқатын жоғарылатады.
Өзінің берешек сомасын салық төлеуші Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсында жүзеге асырылған «Салықтық берешектің бар/жоқтығы туралы ақпарат» сервисі арқылы және электронды үкімет проталында біле алады" делінген баспасөз мәлімдемесінде.
Атап өтерлігі, бизнес субъетілірі мен азаматтарын тағы да аталған мүмкіндікті белсенді пайдалануға және салықтық рақымшылыққа ілінуіне мүмкіндік бар. Бұл салықтық ауыртпашылықтарын төмендетуге және өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шегеруге мүмкіндік береді.