Шілде айында тоғыз демалыс күні бар. Ал 6-шілде күні қазақстандықтар елорда күнін тойлайды, деп хабарлайды Elitar.kz.
6 шілдеде Қазақстанда Нұр-Сұлтан күні атап өтіледі. Биылғы жылы 6 шілде сенбі күні — демалыс күні болғандықтан, мереке туралы Заңға сәйкес, ол дүйсенбі, 8 шілдеге ауыстырылады.
Осылайша, елорда күні ел тұрғындарын бес күндік жұмыс және үш демалыс күн күтуде — 6,7 және 8 шілде. Шілдеде 9 демалыс және 22 жұмыс күні бар.