Желтоқсан айында қазақстандықтар 12 күн демалады. Жылдың соңғы айында 19 жұмыс күні бар.
1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күні жексенбіге тура келіп тұр, сондықтан ол мереке 2 желтоқсанға ауыстырылады. Демек қазақстандықтар екі күн қатарынан демалады. Ал Тәуелсіздік күніне орай Қазақстанда 16 және 17 желтоқсан күні демалыс күні болады.
30 және 31 желтоқсан дүйсенбі мен сейсенбі күндеріне түседі, сондықтан бұл күні жұмыс күндері болмақ. Жаңа жылға орай екі күн – 1 және 2 қаңтар күндері демалыс беріледі.