Қазақстанның оңтүстігінде күн райы 45 градусқа дейін көтеріледі

17 шілде, 12:30

Алдағы үш күнде елімізде аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасай отырып Elitar.kz.

Оңтүстік-батыс тропосфералық ағындар арқылы (5 км биіктікте) республиканың оңтүстік облыстарына Ираннан ыстық ауа массалары келіп түседі, және ағындар өз бағытын батыс немесе солтүстік-батысқа ауыстырмайынша (алдағы үш тәулікте ештеңе өзгермейді), республиканың оңтүстік облыстарында 35-40, кей жерлерде 45°С қатты ыстық сақталады.

Ал Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарына Оралдан салқын және ылғалды ауа түсе бастауымен кей жерлерде өткенші жаңбыр мен найзағай және ыстықтың бәсендеуі күтіледі.

Ал, 17-сәуір күнгі күн райына келсек, Республиканың басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында және солтүстіғінде атмосфералық фронтардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Түнде жене таңертең Ақмола, күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, түнде кей жерлерде тұман күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Түркістан, кей жерлерде Маңғыстау, Қостанай облыстарында қатты ыстық күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде оте қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Алматы, кей жерлерде Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.