06 ақпан, 15:20
Қазгидромет мамандарының айтуынша, қатты суық еліміздің барлық өңіріне жетті.
24.kz таратқан мәлімет бойынша, еліміздің батыс өңірлерінде сынап бағанасы -15 градустан төмендемейді. Ал шығыс және орталық өңірлердің тұрғындарына ең жылы киімдерін шығаруға тура келді. Кешегі түнде ол өңірлерде -45 градус аяз болды.
Оңтүстікте де ыстық емес – 30 градусқа дейін аяз қысып тұр. Циклонның әсерінен қатты аязбен қоса қар, бұрқасын, тұман мен көктайғақ орнауда.
«Қазгидромет» мамандары биылғы қысты соңғы 7 жылдан бергі ең суық қыс деп баға беріп отыр. Ал былтыр ең суық ай – қаңтар болды. Сынап бағанасы -38 градусқа дейін төмендеген.
«Еліміздің солтүстік өңірлерінде сынап бағанасы кей жерде -45 градусқа төмендегенімен, шын мәнісінде -60 градус аяз болып сезілуі мүмкін. Ал оңтүстік өңірлерде 40 градус аяз жел мен ауаның ылғалдығынан одан да төмен сезіледі», - деп ескертеді «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Лаура Сайлыбаева.