Қазгидромет өңірлердегі ауа райына қатысты екерту жариялады, деп хабарлайды Elitar.kz.
Сәрсенбіде аптап ыстық болады, күшті жел соғып, жауын немесе бұршақ жауады.
Синоптиктердің болжауынша, 7 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғады, оңтүстік аудандарда 41°С қатты ыстық сақталады. Түнде және таңертең 7 тамызда Қостанай облысында кей жерлеріңде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында 7 тамызда күндіз оңтүстік батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.
7-8 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді. Петропавл қаласында 7-8 тамызда найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.