Оқиға бүгін, Қарағанды қаласының Бұқар жырау даңғылы мен Ерубаев көшесі қиылысында орын алды.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 10 жастағы мектеп оқушысы бағдаршамның жасыл түсі жанған сәтте жолдың келесі бетіне өтіп бара жатқан. 27 жастағы автобус жүргізуші бағдаршамның қозғалуға рұқсат етілмеген түсінде жүріп өткен. Зардап шегуші бала дереу ауруханаға жеткізілді. Оның шынтағына зақым келгені белгілі болды. Дәрігерлер тексеруінен кейін оқушы амбулаторлық ем алуға жіберілді. Полицейлер бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.