Марқұмдармен қоштасуға тек жарты-сақ сағат уақыт беріледі. Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Elitar.kz.
"Мен арнайы қаулымен қауіпті індетті жұқтырғандарды жерлеу рәсімінің алгоритмін бекіттім. Коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың денесі туысқандарына берілмейді. Қоштасуға тек 30 минут беріледі. Ара қашықтық 3 метрден кем болмауы керек. Жерлеу рәсіміне марқұмның тек жақын туыстары мен имам қатыса алады", - деді бас санитар.