Оқиға Сырым ауданының Жымпиты кентінде орын алды, деп хабарлайды Elitar.kz.
Алапат өрт жеке үйдің мал қорасынан шықты. Аумағы 210 шаршы метрді құрайтын қорадағы 17 сиыр тірідей өртеніп кеткен. Төтенше жағдайдан адамдар зардап шеккен жоқ, қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіндегілердің мәліметінше, өрт сөндірушілерге 15 қаңтар күні сағат 02.08-де төтенше жағдай туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына 12 өрт сөндіруші мен 2 техника жіберілді. Тілсіз жауды үш сағат бойы өшіруге тура келген.