Батыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шыңғырлау ауданының білім бөлімінің басшысына қатысты пара алды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Ведомство мәліметінше, ол Шыңғырлау ауданының білім бөлімінің және орта білім беру мектептерінің ғимараттарын күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін жеке кәсіпкерден 1 млн 960 мың теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабы тәртібінде ұсталып, БҚО полиция департаментінің Орал қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.