Батыс Қазақстан облысында 11-сынып оқушысы өз үйінің алдындағы мал қорада асылып қалды.
Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 12 қараша күні кешкісін Жаңақала ауданындағы Жаңақазан ауылында орын алған. М.Жүнісов атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы өз үйінің ауласындағы мал қорасында асылып қалған. Оқушының сабақ үлгерімі жақсы болған, толық отбасында тәрбиеленген.
Қазіргі кезде құзырлы органдар тарапынан оқиғаның орын алу себебін анықтау жұмыстары жүргізілу үстінде.