Батыс Қазақстан облысында қоймадан өрт шықты. Салдарынан 45 тоннаға жуық бидай жанып кетті, деп хабарлайды облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап Elitar.kz.
Оқиға 13 қараша күні кешкі сағат 21.24-те Бәйтерек ауданы Переметный ауылында орын алған.
"Фрунзе көшесіндегі «Калининское» ЖШС аумағында жеке тұрған қойма өртке оранды. Соның салдарынан шамамен 45 тонна жаздық бидай, 15 тонна тары, 16 тонна арпа және 30 тонна құмай (шөп) жанып кетті. Сондай-ақ дән тиегіш те өрт ішінде қалды. Ішінара төбе құлады" делінген ведомство мәліметінде.