"Бақытты отбасы" жобасы қалай іске асырылуда

17 сәуір, 12:25

Бұл туралы Шымкентте өткен «Nur Otan» партиясы филиалының конференциясында айтылды деп хабарлайды Elitar.kz.

Бүгін Шымкентте «Nur Otan» партиясы филиалының кезектен тыс ХХХVІІ конференциясы өтті. Алқалы жиынға қала басшылары мен мәслихат хатшысы, саяси кеңес мүшелері мен мәслихат депутаттары, мемлекеттік орган басшылары мен ауданнан сайланған делегаттар және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Конференцияда қала әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова сөз сөйлеп,партиялықтарға «Nur Otan» партиясы Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның 18 съезінде берген тапсырмалары- «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы» жобаларды жүзеге асыру барысы туралы есеп берді.


«Бақытты отбасы» жобасы аясында қаламызда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінің өзгеруіне байланысты, қаламызда көмек алушылар саны 10 мыңнан 20 мың отбасынан асады деп күтілуде. 1-ші сәуірден бастап бүгінгі күнге 32 559 азаматқа түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 17 582 отбасының өтініші тіркелді. Сондай-ақ, қала тұрғындарының әлеуметтік картасын жасақтау жұмыстары жүргізілуде, бүгінгі күнге «е-Халық» ақпараттық жүйесіне 21 081 отбасы (75 725 адам) енді. Халықты әуре-сарсаңға салмай ыңғайлы қызмет көрсету үшін аудан әкімдіктерінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында барлығы 9 жерде жұмыспен қамту орталығының бөлімшелері ашылды. Ол жерлерде халықты қабылдауға тиісті жағдайлар жасалды, атап айтқанда: көп балалы аналарға психологиялық және құқықтық, тұрғын үй және әлеуметтік төлемдер бойынша қызмет көрсетіледі», - деді Гүлжан Құрманбекова.