Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бақытжан Сағынтаевты Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
"Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалсын", – делінген Жарлық мәтінінде.
Бақытжан Әбдірұлы
Сағынтаев 1963 жылы 13 қазанда Жамбыл
облысы, Үшарал ауылында дүниеге
келген.
1985 жылы С.М.Киров атындағы
Қазақ мемлекеттік университетін
бітірген.
Әр жылдары жеке секторда
жұмыс істеді.
- Жамбыл облысы әкімінің
орынбасары (02.1998-02.1999);
– Қазақстан
Республикасының Шағын бизнесті қолдау
жөніндегі агенттігі төрағасының
орынбасары (06.1999-10.1999);
- "Шағын
кәсіпкерлікті дамыту қоры" ЖАҚ
басқарма төрағасы (12.1999-01.2001);
–
Қазақстан Республикасының Табиғи
монополияларды реттеу, бәсекелестікті
қорғау және шағын бизнесті қолдау
жөніндегі агенттігі төрағасының
орынбасары (01.2001-08.2002);
– Қазақстан
Республикасының Табиғи монополияларды
реттеу және бәсекелестікті қорғау
жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші
орынбасары (09.2002-29.09.2004);
– Қазақстан
Республикасы Табиғи монополияларды
реттеу агенттігінің төрағасы
(29.09.2004-11.12.2007));
– Қазақстан Республикасы
Премьер-министрі кеңсесінің басшысы
(11.12.2007-30.09.2008);
- Павлодар облысының
әкімі (30.09.2008-20.01.2012));
– Қазақстан
Республикасының Экономикалық даму және
сауда министрі (20.01.2012-09.2012 ж.));
–
"Нұр Отан" Халықтық демократиялық
партиясы төрағасының бірінші орынбасары
(09.2012-01.2013));
– Қазақстан Республикасы
Премьер-министрінің бірінші орынбасары
– Қазақстан Республикасының Өңірлік
даму министрі (16.01.2013-11.2013));
-Қазақстан
Республикасы Премьер-министрінің
бірінші орынбасары (06.11.2013; қайта
тағайындалған – 04.04.2014; қайта
тағайындалған-30.04.2015-09.09.2016);
Қазақстан
Республикасының Премьер-министрі;
–
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
хатшысы (01.03.2019 бастап);
- 2019 жылы 25
наурызда ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды.