15 наурыз, 19:15
16 наурыздан бастап Қазақстанда коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланды. Осыған қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов түсінік берді.
Бұл туралы ойымен кеңесші өзінің Facebook парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Elitar.kz.
"Төтенше жағдай режимін енгізуге түсініктеме:
1. Сауда ойын-сауық орталықтарында азық-түлік супермаркеттері жабылмайды. Базарлар жабылмайды, бірақ оларға санитарлық-эпидемиологиялық сипаттағы қосымша шаралар қолданылады.
2. Қоғамдық тамақтану (мейрамханалар, асханалар және т.б.) одан әрі жұмыс істейтін болады.
3. Халық пен көліктің қозғалысы да қазіргідей болады. Бірақ егер жекелеген елді мекендер бойынша жағдай нашарлайтын болса, осы пункттер бойынша ғана шектеу енгізілетін болады.
4. Жүк қозғалысы қазір де болады. Айтпақшы, олар бойынша ешқандай мемлекетте шектеулер болған жоқ.
Жалпы, төтенше жағдай режимі негізінен мемлекет жағдайдың өзгеру жылдамдығына байланысты жедел әрекет ете алуы үшін енгізілді" деп жазды Олжас Құдайбергенов.