Әбдірахымов күн сайын Жаратушыдан дұға-тілек тілейтінін айтты

27 қараша, 14:22

Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг берген Ғабидолла Әбдірахымов осылай деді, деп хабарлайды Elitar.kz.

Қаланың тыныштығы мен халықтың амандығын ойлап жүретін Шымкент басшысы күн сайын Жаратқаннан дұға тілейтін боп шықты. Одан өзге Әбдірахымов жыл сайын Наурыз мерекесі қарсаңында Қошқар ата аумағында мал сойып құрбандық шалуды дәстүрге айналдыратынын жеткізді.

«Мен Қошқар ата өзенінің бастауында Наурыз айында үлкен қошқарды құрбандыққа шалып, қаланы түрлі қауіп-қатерден, су тасқыны, өрттен, дауылдан қорғауын өтінген дәстүрді қайта жаңғыртамын. Кез келген басшы ретінде мен де қаланың жағдайы жақсы болғанын күн сайын Жаратқаннан тілеймін»,-деді Ғабидолла Әбдірахымов.

Еске салсақ, аталған брифингте Шымкент басшысының халықты қабылдау жүйесіне бұрын-соңды болмаған өзгеріс енгізгені туралы айтқанын жазған болатынбыз. Енді шымкенттіктер әкімнің қабылдауына айына бір рет емес, әр аптаның жұма күндері келіп, өз шағымы мен ұсыныс-тілектерін айтуға мүмкіндік алып отыр. Ерекше атап өтерлігі, қабылдауға кіру үшін әкімдік ғимаратына келудің қажеттілігі жоқ. Бар болғаны ресми сайтты ашып, онлайн тіркелуге болады. Ал халықпен кездесу үшін әкімдікте арнайы бөлме қарастырылған.

ФОТО: www.ortcom.kz