"Bek Air" ұшағы ұшып шыққан жолақ жабылды

27 желтоқсан, 14:00

Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Алматы әуежайының президенті Болат Ержанов апатқа ұшыраған Bek Air ұшағы ұшып кеткен жолақ қазіргі таңда жабылғанын айтты. Қазіргі таңда арнайы комиссия Bek Air компаниясымен бірге тергеу жұмыстарын бастады.

«Әуежайдың ұшу-қону жолағының жағдайы қалыпты. Дәл осы жолақтан 3 минут бұрын «Эйр Астана» әуе компаниясының ұшағы Мәскеуге ұшты. Бәрі жақсы болған. Әуежай екінші жолақта қалыпты жұмыс істейді», -деді Болат Ержанов.