Белгісіз адам Алматыдағы сот ғимараттарына мина қойған

11 маусым, 11:00

​Алматыда кей сот ғимараттарынан адамдар эвакуациялануда. Бұл туралы Zakon.kz-ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz хабарлайды.

Қорғаушы Джохар Өтебеков Facebookте Алматының барлық соттарында бомба қойылған деп белгісіз біреудің қоңырау шалғанын хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Адамдар эвакуациялануда.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі ақпаратты ішінара растады. Қоңырау шын мәнінде түскен, бірақ бұл қаланың барлық соттарына қатысты емес. Қазір жағдай анықталуда.