Бұл туралы Otyrar.kz-ке сілтеме жасап Elitar.kz хабарлайды.
Руслан Жанпейісовтің адвокаты Зәкір Асадовтың сөзінше, прокуратура тергеушінің бұлтартпау шарасы-күзетпен ұстау туралы өтінішін қолдаудан бас тартқан. Іс әзірге сотқа жеткізілген жоқ. "Демек, оны бір тәулікке заңсыз бас бостандығынан айырған. Оның кінәсіздігін дәлелдейтін боламыз", - деді адвокат.
"Мен шыққаным осы таныстарым жол жүру ережесін бұзып отыр. 102 қызметіне хабарласып, хаттама толтыру қажеттігін өтіндім. 728 борт келіп, тиісті хаттама толтыруға көшті. Бірақ жүргізушіні табу мүмкін болмады. Көлікт эвакуатормен автотұраққа жіберілу үстінде", - деді уақытша ұстау изоляторынан шыққан шымкенттік белсенді.
Айта кетейік, Руслан Жанпейісов өзі үшін уайымдап, қолдау білдіргендерге алғысын да жеткізді.
ФОТО: Inbusiness.kz