Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Ақорда ғимаратында көп балалы аналардың талаптарына қатысты өз пікірін айтты.
"Олар көтерген ең басты мәселе — бұл тұрғын үй. Біріншіден, олар кезектен тыс тұрғын үй беруді талап етеді. Екінші, бастапқы жарнасыз, несиесіз. Бірақ бұл болмайды, бәрі заңды негізде болуы керек. Бізде қарапайым азаматтар кезекте тұр. Біз кезекте тұрмайтындарға пәтер берме алмаймыз", - деді сәрсенбі күні Бердібек Сапарбаев Мәжілістегі пленарлық отырыста.
Еңбек министрлігі басшысының мәліметінше, елімізде 31 мың көпбалалы отбасы бар.
"Үкімет
үш жыл ішінде оларды пәтерлермен
қамтамасыз ету міндетін өз мойнына
алды. Ал жағдайы ауыр, бірақ пәтері жоқ
әйелдерге келетін болсақ, біз демеушілерді
тарта отырып, олармен жұмыс істейміз",
— деп толықтырды министр.
Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев мемлекет көпбалалы аналарға жұмысқа орналасуға және мамандықтарды оқытуға көмектесуге дайын екенін айтты.
"Бұл бізді толғандырады. "Еңбек" бағдарламасы бойынша мемлекет есебінен тегін оқытамыз, мамандық береміз, кейін жұмысқа орналасуға көмектесеміз немесе мемлекет есебінен ақысыз грант береміз", — деді Бердібек Сапарбаев.