Қытайдағы Қазақстан студенттерін алып келуге ұшақ дайын. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап беру кезінде.
«Қазір біз Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрлігімен жұмыс істеп жатырмыз. Бірінші кезекте біздің студенттерді алып келу жөніндегі шаралар пысықталды. Кейін ондағы туристерді жеткізу. Туристер 680 болған, олардың жартысы елге оралды. Біздің есебіміз бойынша бүгін немесе ертең толығымен елге келуі керек... Елге келеміз деген студенттерге ұшақ дайындап қойдық. Өздеріңіз білесіздер, екі елдің арасында тиісті келісімшарттар бар. Соған сәйкес жұмыс істеуіміз керек», - деді Үкімет басшысының орынбасары.