Ер адам шетелде жұмыс істеу үшін бейтаныс адамға 200 мың теңге берген, деп хабарлайды elitar.kz Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкенттік аңғал азамат табыс табамын деп, соттан бір-ақ шықты. Ол алаяққа берген ақшасын өндіріп алмақ.
"Аталған
факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлімі
бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын
анықтауға бағытталған барлық қажетті
жедел - тергеу іс-шаралары жүргізілуде",
- деп хабарлады баспасөз қызметі.
ҚР
ҚІЖК 201-бабы шеңберіндегі өзге ақпарат
тергеу мүддесі бойынша жария етуге жатпайды.