Қазақстанда бүгін «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» күні. Дәстүр бойынша ұлттық ғашықтар күні елімізде 15 сәуірде аталып өтеді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін жастар жылда 14 ақпанда «Әулие Валентин» күнін атап өтетін. Мерекеде мектеп оқушылары арасында бір-бірін «валентинкалар» сыйлап құттықтау кең етек алды.
Десе де, жастар соңғы жылдары ғашықтар мерекесін «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» күнінде тойлай бастады. Деректер бойынша бұл күнді атап өту 2011 жылдан басталған екен. Бастамашы болған қазақстандық ЖОО-ның белсенді жастары. Бейресми атаулы күні ұлттық ойын «Ақсүйек» ойналып, түрлі іс-шаралар өткізіледі.
Қозы
Көрпеш пен Баян Сұлу - шамамен ХІІ-ХІІІ
ғасырда өмір сүрген ғашықтар. Махаббат
жолында кедергілерге қарамай бір-біріне
деген адалдықты сақтай білген қос
ғашықтың махаббат тарихы кейінгі ұрпаққа
аңыз болып қалды. Қазақта Қозы Көрпеш
пен Баян Сұлу – махаббат рәмізі.