Қазақстанда тағы 3 адам коронавирус жұқтырды

20 наурыз, 21:50

Қазақстанда 20 наурыздағы сағат 22.00-дегі жағдай бойынша 52 адам коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 3 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.
Осы сағатта Алматы қаласында – 22 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 28 адам, Қарағанды қаласында - 2 адам, жалпы 52 науқас тіркелді.