Бұл туралы ведомствоның ресми өкілі Диас Ахметшәріп хабарлады.
«Денсаулық сақтау министрлігі 30 наурыздан бастап толықтай қашықтан жұмыс істеу режиміне көшкен болатын. Сол себептен министрлік ішінде дерт жұқтыру қаупі минималды, қызметкерлердің 90 пайызы үйден жұмыс істеп отыр. Жұмыста министрдің өзі (Елжан Біртанов - ред.) және 3-4 адам ғана қалды. Олардың да әрқайсысы жеке кабинетте болғандықтан, жұқтыру қаупі аз деген ойдамыз. Бүгін министр Елжан Амантаев коронавирус инфекциясына тест тапсырады. Нәтижесі шыққан соң, әрине, хабарлаймыз», - деді Диас Ахметшәріп.
Еске салсақ, бүгін Денсаулық сақтау министрінің экс-орынбасары Камалжан Надыровтан коронавирус инфекциясы анықталғаны белгілі болды. Камалжан Талғатұлы вице-министр қызметінен күні кеше босатылып, Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Алайда орын алған жайтқа байланысты бұған дейін басқармаға басшы болып клеген Тілеухан Әбілдаевтың отставкасы күшін жойды.